«Заң және тәртіп» айлығы аясында «Жауапкершілік және заң» тақырыбында ақпараттық іс-шара өтті. Инфографика арқылы салық және салық салу саласындағы азаматтық жауапкершілік түсіндірілді
«Заң және тәртіп» айлығы аясында «Жауапкершілік және заң» тақырыбында ақпараттық іс-шара өтті. Инфографика арқылы салық және салық салу саласындағы азаматтық жауапкершілік түсіндірілді
2025 жылғы 9 қаңтар күні «Қаржылық жауапкершілік» ата-аналарды қолдау орталығының (АҚО) қызметі аясында ата-аналарға арналған қаржылық сауаттылық бойынша дәріс өтті. Жиналыста ата-аналарға қаржылық сауаттылық не үшін керек? Өз қаржыларын басқару принциптерін ұстану, ақшаға дұрыс көзқарас жайлы ақпарат берілді. Дәріс еркін сұхбат түрінде өтті, ата-аналар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, күнделікті өмірге қажетті практикалық кеңестер алды. Мұндай іс-шаралар отбасылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және қаржыға деген жауапты көзқарасты қалыптастыруға септігін тигізеді.
Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Кәсіптік бағдар беру мақсатында 5- сынып оқушыларымен "Менің болашақ мамандығым"атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға мамандықтар туралы түсінік беру; белгілі бір іс-әрекетке бейімділігін анықтауға көмектесу; оқушылардың мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру және ой-өрісін кеңейту.