Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу аясында 5-8 сынып оқушылары "Қажымұқан" , "Қарақыз" фильмдерін тамашалады.
Бүгін ППҚ қызметі "Мейірімді сөз - әрқайсысына" акциясын өткізді. Мақсаты: ізгі ниет пен позитивті қарым-қатынас мәдениетін тарату
9 қазанда Психикалық денсаулық онкүндігі аясында оқушылар арасында "Тыныштық сағаты" гаджеттерсіз күн өткізілді, оның барысында оқушылар үстел ойындарымен, оқумен, бір-бірімен қарым-қатынаспен айналысты. Іс-шара шамадан цифрлық тыс жүктемелерден демалу дағдысын қалыптастырады және эмоционалды тепе-теңдікті қалпына келтіруге көмектеседі.
2025 жылдың 22 - 29 қыркүйек күндері аралығында «Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасына үміткер 5 оқушы сайлау алды үгіт насихаттарын жүргізді. 29 қыркүйек күні ұйым мүшелері мектеп оқушыларымен ашық кездесіп, өз бағдарламаларымен ой бөлісті. 2025 жылдың 8 қазан күні Ұланбасы сайлауыөтті 8-11 сынып және ұстаздар қатысып 89 сайлаушылар өз дауыстарын беріп, сайлау мәресіне жетті.