1 – сәуір М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде ашық есік күні өтті. Осы іс шараға мектебіміздің 11- сынып оқушылары қатысты. Іс шара барысында оқушыларға университеттің оқу бағдарламаларымен таныстырды. Әр мамандық бойынша үлкен көрмелер қойылып өз кәсіптерінің қыр сырымен таныстырды. Заманауи үлгідегі зертханаларға саяхат ұйымдастырылды. Саяхат барысында оқушылар жаңа құрылғыларды өз көздерімен көріп, қалай дұрыс пайдалану керектігімен танысты. Оқушыларға көптеген мүмкіндік жасалып тұрғаны туралы айтылды. Жас талапкерлердің ойында жүрген көптеген сұрақтарға жауан алынып, пайдалы кеңестер берілді. Кездесу жақсы көңіл күйде өтті. Көп мәлімет берілді.
Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 2 «А» сынып оқушысы Амантай Айбар облыстық «Бастау» олимпиадасынан бірінші орын алып, Республикалық олимпиадаға өтіп, Алматы қаласында болған «Бастау» олимпиадасына қатысып келді. Мұғалімі Сарина Эльмира Толемисовна. Байқауда білімін көрсете білген Амантай Айбарға, жеңіске жетелеген ұстазына алғысымызды білдіреміз!![]()
![]()
![]()
Солтүстік Қазақстан облысының Психологиялық қолдау орталығы ұйымдастырған 5–9 сынып оқушылары арасындағы «Желіден бостандық» атты облыстық бейнероликтер байқауының қорытындысы шықты. Мектебіміздің 9 «Ә» сынып оқушысы Сәрсен Мөлдір керемет нәтиже көрсетіп, «Интернетке тәуелділіктің алдын алу бойынша ең жақсы бейне» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды. Мөлдірді және оның жетекшісі Аткельтирова Алия Сайлаубаевнаны лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!