Бүгін, 05.02.2026 күні Жаратылыстану-математикалық пәндерінің онкүндігі барысында "SOS: математикалық шешім, биологиялық көмек" атты алғашқы көмек бойынша танымдық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар алғашқы көмектің негізгі қағидаларымен теориялық тұрғыда танысып, практикалық көріністер арқылы өз білімдерін бекітті. Сонымен қатар, түрлі жағдаяттарға байланысты есептер шығарып, дұрыс әрекет ету жолдарын талдады. Сабақ оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Бүгін, 03.02.2026 жылы, «Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ жаратылыстану-математикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында 8 «А», 8 «Ә» сынып оқушыларымен «Квест» ойыны ұйымдастырылды. Ойын бірнеше кезеңнен тұрды. Әр кезеңде оқушылар математика, физика және жаратылыстану пәндері бойынша білімдерін көрсете отырып, түрлі логикалық және шығармашылық тапсырмаларды орындады. Іс-шара соңында қорытынды шығарылып, үздік нәтиже көрсеткен команда марапатталды. Аталған «Квест» ойыны оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырып, оқу үдерісіне деген қызығушылықтарын нығайтуға оң әсерін тигізді.
«Заң мен тәртіп» айлығы аясында бастауыш сынып сынып оқушыларына Жамбыл ауданының жол полициясы қызметкерлері «Қауіпсіз маршрут»“ тақырыбында түсіндіру іс-шарасын өткізді
Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Заң және тәртіп” құндылығы негізінде 1 сынып оқушылары арасында “Денсаулық формуласы” атты эстафеталық жарыс өтті.