Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Кожабергена жырау»
Официальный интернет-ресурс

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты интеллектуалды сайыс

Қаңтардың 13 күні бастауыш сынып оқушыларының арасында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты интеллектуалды сайыс өтті.
Мақсаты: оқушыларыларды ЖИ адам өміріндегі маңызымен таныстыру, ЖИ пайдасы және зияны туралы ақпарат беру.
Ұран: «Озсаң — біліммен, жетсең -зеректікпен!»
Сайыстың 5 кезеңінде оқушылардың деңгейлері бойынша тапсырмалар берілді. Кезеңдері:
1) «Тілші ЖИ» — сөздік қор мен зеректік.
2)«Кибер-математик» — логика мен есеп.
3)* «Шебер қолдар» — робот жасау.
4)* «Нейро-сұрақ» — дүниетану білім додасы.
5)* «Болашақ » — шығармашылық жоба.
Оқушылар тапсырмаларды орындап қана қоймай, өздері көмекші робот жасады.
Сайыс барысында оқушылар номинациялар бойынша марапатталды. Сайысқа оқушылар белсенді қатысып, қызығушылық танытты.