19-21 ақпан аралығында Ақмола облысы Ерейментау қаласында Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі Дүйсенов Балташ Сыздықұлын еске алуға арналған Тоғызқұмалақтан Республикалық турниріне мектебіміздің оқушылары қатысып 17 мектеп арасынан жүлделі 5 орынға ие болуымен құттықтаймыз!![]()
![]()
Жаттықтырушы : М.Е. Байдильдин
«Позитивті мағыналар аумағы» онкүндігі аясында педагог-психолог жоғары сынып оқушыларымен «Болашаққа бастар бағытым» тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: білім алушылардың өзін-өзі позитивті қабылдауын және өмір құндылықтарын қалыптастыру, өміршеңдігін, эмоционалдық тұрақтылығын және стресстік әрі қиын өмірлік жағдайларды конструктивті жеңу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ психологиялық сауаттылығы мен өзін-өзі қолдау мәдениетін арттыруға ықпал ететін қолайлы психологиялық орта құру.
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай іс - шаралар жоспары аясында «Ауған соғысының жаңғырығы», «Ерлікке тағзым - өшпес тағдыр», «Ауғанның отты жалынында» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
«Позитивті мағыналар аумағы» онкүндігі аясында педагог-психолог жоғары сынып оқушыларымен «Өмір үйлесімі» тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: Жасөспірімдерге адамдармен қарым-қатынас кезіндегі өз сезімдері мен эмоцияларын түсінуге көмектесу, өз қорқыныштарын және адамдардан не күтетінін ұғынуға қолдау көрсету, өзгелердің құндылығы мен абыройына құрметпен қарауды қалыптастыру.