Су ресурстары министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Суды үнемде – болашақты сақта» атты эко-сағат өткізілді. Мақсаты – оқушылардың суға деген ұқыпты және жауапты көзқарасын қалыптастыру.
Эко-сағат барысында оқушылар су ресурстарын үнемді пайдаланудың жолдарымен танысып, суды үнемдеудің маңызы мен оның қоршаған ортаны сақтаудағы рөлі туралы мәлімет алды.
Эко-сағат соңында оқушылар өз ойларын қорытындылап, «Суды сақтайық» тақырыбында суреттер салып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.





