«Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс
«Менің өмірім – менің құндылығым»

«Менің өмірім – менің құндылығым»

«Позитивті мағыналар аумағы» онкүндігі аясында педагог-психолог Аткельтирова А.С. жоғары сынып оқушыларымен «Менің өмірім – менің құндылығым» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: Жеке құндылықтарды талқылау, болашақтың жағымды бейнесін қалыптастыру, өмірлік құндылықтарды, маңызды адамдар мен мақсаттарды талдау және қауіпті мінез-құлықтың алдын алу.
Шара барысында оқушылар психологиялық жаттығулар орындап, қиын сәттерде қолдау табу жолдарын талқылады. Бұл кездесу балалардың өмірлік ұстанымдарын нығайтуға және олардың эмоционалдық тұрақтылығын арттыруға септігін тигізді.