12 сәуір - Ғылым қызметкерлері күніне орай, қазақтың ұлы ғалымы "Қаныш Сәтбаев-алғашқы қазақ академигі" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру, ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ отандық ғылымның дамуына қосқан үлесін насихаттау.
Іс-шара барысында оқушылар ғалымның өмірбаянымен танысып, оның Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырудағы рөлі, геология саласындағы жетістіктері туралы мәлімет алды.





