Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Кожабергена жырау»
Официальный интернет-ресурс

«Энергияны үнемдеу – экологияны қорғау»

Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Әділдік және Жауапкершілік» айына арналған 4-апталық жоспарына сәйкес, Халықаралық энергия үнемдеу күніне орай, 4–8 сыныптар арасында «Энергияны үнемдеу – экологияны қорғау» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының басты мақсаты – оқушыларға энергияны тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыру, табиғи ресурстардың шектеулі екенін түсіндіру және экологиялық жауапкершіліктің маңызын ұғындыру болды.Сынып сағаты барысында сынып жетекшілер энергия үнемдеудің қарапайым да тиімді тәсілдері туралы түсіндіріп, күнделікті өмірде жарықты, суды, жылуды үнемдеудің экологияға әсерін мысалдар арқылы көрсетті. Оқушылар электр қуатын артық жұмсаудың қоршаған ортаға келтіретін зияны, жаңартылатын энергия көздері және экологиялық қауіпсіздік туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, оқушылар топтық талқылауға белсенді қатысып, энергияны үнемдеу жолдары бойынша өз пікірлерін ортаға салды.