Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде
«Мектебім – мейірім мекені» тақырыбындағы алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.
Салтанатты жиын барысында мектеп директоры Б.Б.Мусабаев 2025-2026 оқу жылындағы жетістіктерге тоқталып, оқушыларды, ұстаздарды және 1-сыныпқа келген бүлдіршіндерді ата-аналарымен бірге “Білім күні” мерекесімен құттықтады.
Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер ұстаз бен мектеп жайлы ән-жырларын арнап, алғашқы қоңырау соғылып, 2025-2026 жаңа оқу жылы ресми басталды.
Мерейлі мекенге қош келдіңіздер!





