Мектепалды даярлық сыныпта ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында тәрбиешілер балалардың оқу-тәрбие процесімен, сабақ барысымен және сыныптағы жағдайымен танысты. Тәрбиешілер ашық сабақтарға қатысып, балалардың белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін, мектепке бейімделу деңгейін бақылауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, балалар өз өнерлерін көрсетіп, ойындарға қатысты.
Іс-шара тәршиешілер мен мұғалімдер арасында тығыз байланыс орнатуға септігін тигізіп, баланың дамуына бірлесіп ықпал етудің маңыздылығын көрсетті.





