Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Кожабергена жырау»
Официальный интернет-ресурс

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Кәсіптік бағдар беру мақсатында Жамбыл шекара бөлімшесі бастығының орынбасары лейтенант Кантаров Бахытбек Асылбекұлы жоғары сынып оқушыларымен кездесу

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Кәсіптік бағдар беру мақсатында Жамбыл шекара бөлімшесі бастығының орынбасары лейтенант Кантаров Бахытбек Асылбекұлы жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кесдесу барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы туралы ақпарат берілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел, техникалық және басшы қызметкерлерді дайындау, қайта дайындау және біліктілікті арттыру саласындағы арнаулы, көп салалы оқу орны.Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының жоғары білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға іріктеу және қабылдау тәртібі «Арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабымен және ҰҚК Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы №2 бұйрығымен регламенттелген. ҰҚК Академиясы қабылдауды мынадай оқу бағдарламалары бойынша жүргізеді:Жоғары білім бағдарламасы бойынша (оқу мерзімі – 4 жыл), мамандығы – қарсы барлау қызметі. Оқу мерзімі қысқартылған жоғары білім беру бағдарламасы бойынша (оқу мерзімі – 2 жыл), мамандығы – қарсы барлау қызметі, ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және технологиясы.Қосымша білім бағдарламасы бойынша, қайта даярлау курстары (оқу мерзімі – 6 айдан кем емес).Сонымен қатар оқу орнында Комитеттің жұмыс істейтін қызметкерлері үшін магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқыту бар. . Оқушылар берілген мәліметті қызыушылықпен тыңдап көптеген сұрақтарға жауап алды.