15 қыркүйек күні Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде өзін-өзі басқару активінің отырысы өтті. Күн тәртібінде жаңа оқу жылына жұмысты ұйымдастыруға қатысты мәселелер қаралды:
-мектеп Парламентінің 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту;
-дублер күнін өткізуге дайындық.
Талқылаудан кейін отырысқа қатысушылар 2025-2026 оқу жылына ұсынылған қызмет жоспарын бекітті.





