«Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

“Заң мамандықтары”

19 қаңтар күні «Адал Азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң мен тәртіп» құндылығына негізделген айлық жоспарына сәйкес “Заң мамандықтары” тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Жамбыл ауданының полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік қызметінің қару айналымын бақылау бөлімі және табиғатты қорғау полиция тобының инспекторы полиция лейтенанты Абай Нұрбек Абайұлы қатысты.
Кездесудің мақсаты : Оқушылардың назарын заңгер мамандығына аудару; Заңгер мамандығы туралы ақпаратты ескере отырып, жасөспірімдерге мамандық таңдауға көмектесу. Кездесу барысында көптеген ақпарат берілді. Заңгер мамандығының тарихымен, прокурорлық қызметтің ерекшеліктерімен, қазіргі кезеңдегі заңгер мамандығының негізгі функцияларын анықтау, заңгер мамандығының кәсіби мүмкіндіктері туғалы айтылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.