«Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

«Таза бейсенбі» гүлге күтім жасау іс-шарасы

Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Бейсенбі – тазалық күні» қарсаңында «Таза бейсенбі» гүлге күтім жасау іс-шарасы өткізіледі.
Аталған іс-шараның мақсаты – білім алушыларды тазалыққа, еңбекқорлыққа және қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар гүлдерге дұрыс күтім жасау дағдыларын меңгерту көзделді.
Шара барысында оқушылар мектептегі гүлдердің жапырақтарының шаңын сүртіп, күтім жасап, су құю, қураған жапырақтарын тазалау жұмыстарын атқарды. Оқушылар табиғатты қорғау – әрбір азаматтың міндеті екенін түсініп, ортақ іске белсенділікпен қатысты.