«Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Талапкерлерді Қостанай Академиясына оқуға түсуге шақырамыз

🎯Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы оқуға түсуге ниет білдірген жалпы білім беретін орта мектептерінің 10-11 сынып оқушыларына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Мектеп түлектеріне Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына қабылдау тәртібі мен талаптары таныстырылды. Академия туралы ақпарат презентациялар, бейне жүгіртпелер және деректі фильм түрінде ұсынылды. Сонымен қатар Академияның қазіргі таңдағы жетістіктері мен артықшылықтары туралы айтылды. Оқушыларда оқу орнына түсуге қатысты мәнді де орынды сұрақтар болды. Бұл сұрақтарға нақты жауаптар берілді.