«Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

«Суды үнемде – болашақты сақта»

Экологиялық мәдениетті және су ресурстарына ұқыпты қатынасты қалыптастыру мақсатында сынып сағаты ұйымдастырылды.
«Суды үнемде – болашақты сақта» — бұл табиғатты қорғауға, су қорын тиімді пайдалануға бағытталған экологиялық ұстаным. Су – тіршіліктің негізі, онсыз адам да, табиғат та өмір сүре алмайды. Алайда қазіргі кезде жаһандық жылыну, халық санының артуы және суды ысыраппен пайдалану салдарынан таза ауыз су қоры азаюда.
Сондықтан суды үнемдеу – болашақ ұрпақтың өмір сүру сапасын сақтау, табиғи тепе-теңдікті бұзбау, қоршаған ортаға жанашырлық таныту деген сөз. Бұл — әрбір адамнан саналы әрекет пен экологиялық жауапкершілікті талап етеді.Білім алушыларға суды үнемдеу туралы бойына түсінік қалыптастыру.