«Қауіпсіздік пен сенімділікті бірге қалаймыз!» тақырыбында 6-9 сынып ата-аналар мен оқушыларға бірлескен сабақ өтілді.
Балалар мен ата-аналардың қауіпсіздік туралы түсінігін кеңейту, күнделікті өмірде туындайтын қауіп-қатерлерді алдын алу, өзара сенім мен ашық қарым-қатынасты нығайту. Сабақ барысында оқушыларға жеке және интернет қауіпсіздігі, мінез-құлық мәдениеті, қауіпті жағдайдан шығу жолдары түсіндірілді. Ата-аналарға бала қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі, қолдау көрсету тәсілдері, отбасы ішіндегі сенімді диалогтың маңызы туралы ақпарат берілді.





