Сәуір айының 8-і күні 11 сынып оқушыларына «Білім – мемлекеттік саясаттың басты
құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты:
Оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының
мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және
азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.
Сынып сағатының міндеттері:
– жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарымен таныстыру;
– оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы түсінігін кеңейту;
– Заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру;
– «Адал азамат» құндылықтарын дамыту.
Сынып жетекшілері: Имакова Ж.Е, Әбіл Д.А





